Оқиға

СҚО - да орманда адасып кеткен 5 жасар бала табылды

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Тоқушы ауылында тұратын бес жасар бүлдіршін далада ойнап жүріп, балалармен бірге орман жаққа барады. Одан әрі топ баладан көз жазып қалған бала адасып, жылап, дала кезіп кетеді, - деп жазады Egemen.kz.

 

Оны тракторымен жұмыстан қайтып келе жатқан көршілес Знаменское ауылының тұрғыны Андрей Мохов көріп, айдалада кешкі мезгілде жалғыз жүрген бүлдіршінді тракторына отырғызып алады. Қорқып қалған бала оған ештеңе айта алмай, тек өзінің есімін қайталай береді. Механизатор оны өзінің үйіне әкеліп, учаскелік инспекторға телефон арқылы хабарлайды.

 

Бұл уақытта баланың шешесі шарқ ұрып, баланы өз ауылынан іздеп жүрген екен. Полиция капитаны Серік Жолтанов жоғалған бала туралы ақпаратты көрші ауылдарға хабарлайды. Бұл хабарды естіген шешесі де тезірек жетіп, полиция бөлімінде нан жеп отырған бөбегімен қауышады.

 

"Әйтеуір баланың аман табылғанына бәріміз де қуандық. Ол өз ауылынан 10 шақырымға жуық жерге кетіп қалыпты. Оны тауып алып, полицияға тапсырған механизатор Моховқа да алғыс айтылды. Осы іс бойынша профилактикалық шаралар жүргізіліп, ата-аналарға балаларын бақылау керектігі ескертілді", дейді Қызылжар аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы, майор Жәнібек Мұхамадиев.

 




Көрілген: 234    Пікірлер: 0

сенбі, 01.08.2020, 20:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31