Оқиға

СҚО -да жоғалған 8 жасар қыздың денесі табылды

  • © CC0 / Jeniffer Wai Ting Tan

    © CC0 / Jeniffer Wai Ting Tan

Солтүстік Қазақстан облысында бес күн бұрын Есіл өзеніне батып кеткен сегіз жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Еске салсақ, трагедия бес күн бұрын Есіл ауданының Покровка ауылында болды. Қыз жазғы демалысқа әжесіне барған. Қарт әйел сейсенбі күні кешке немересінің үйге оралмағанын айтып, учаскелік инспектордан көмек сұрады. Өзен жағасынан қыздың заттары табылды.

 

Анықталғандай, қыз күндіз өзімен қатарлас бауырымен ойнаған. Бала екеуі бірге суға шомылғанын, сол сәтте өзен ағысы қарындасын ағызып әкеткенін айтты.

 

 

"13 маусым сағат 7:35-те құтқарушылар Покровка ауылынан жеті шақырым жердегі Есіл өзенінен 2012 жылғы қыздың мәйітін тапты. Ол 8 маусым күні суға кеткен. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деді ТЖ департаменттегілер.

 

Қызды іздеу жұмыстарына СҚО ТЖД жедел құтқару жасағының сүңгуірлері, полиция мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер жұмылдырылды.

 

 

 




Көрілген: 294    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 19:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31