Оқиға

СҚО-да 9 жасар баланы қаққан көлік жүргізушісі табылды

  • https://auto.today/

    https://auto.today/

Петропавлда велосипед теуіп жүрген 9 жасар баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

29 маусымда Жұмысшы кентінің Пугачев көшесінде болған еді.

 

Велосипед мінген 9 жасар баланы «Audi-100» көлігі қағып, жүргізуші оқиға болған жерден қашып кетті. Ер бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

 

Полиция мәліметінше, автокөлік иесі тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайдан анықталды. Қаланың 43 жастағы тұрғыны оқиғадан келесі күні табылды.

 

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

 

«Жол-көлік оқиғалары санының артуына байланысты Полиция департаментінің басшылығы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмысты күшейтуді шешті. «Қауіпсіз жол» облыстық шұғыл-алдын алу шарасының мақсаты – жол апаттары санын азайту, жүргізу мәдениетін арттыру. Бұл, әсіресе, балалар көп уақытын далада өткізетін жазғы уақытта аса өзекті. Осы кезде жүргізушілерден аса қырағылық талап етіледі», - деді СҚО Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Айтбаев.

 

Рейд 2-11 шілде аралығында өткізілуде.

 

Алғашқы күні облыс жолдарында ереже бұзудың 491 фактісі анықталды.

 

 

 




Көрілген: 804    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.07.2021, 01:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30