СҚО-да бір адам суға батып кетті

27 мамыр 2022, 08:27

СҚО-да бір адам суға батып кетті, - деп хабарлайды 24.kz.

Телеарнаның мәліметінше, қайғылы жағдай Есіл өзенінің Пакровка ауылы маңында болған. Бұл шомылу маусымы басталмай жатып болған алғашқы оқиға.

"Кешеден бері суға батып кеткен адамды іздестіру шаралары жүріп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша ол қайықтан құлап, батып кеткен. Оның нақты себебі анықталу үстінде", - деді ТЖД басқармасының аға офицері Кирилл Иванников. 

Еске салайық, осыған дейін Каспий теңізінің жағалауында бір адам құтқарылып, үш адам суға батып қаза болған болатын.