Оқиға

СҚО-да бір үй екі рет өртенген, екіншісінде үй иесі мерт болды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп, 48 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 7 маусым күні М.Жұмабаев ауданы Булаев қаласында болған.

 

Сағат 17.00 шамасында 101 қызметіне Чкалов көшесіндегі 38 үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама түседі.

 

Өрт жатын бөлмеден шыққан екен, баспананың қабырғаларына, жиһазға зақым келді.

 

Үйіндінің астынан сол үйдің иесі – 1972 жылы туған ер адамның денесі табылды. Ер адам ішімдікке жақын болған.

 

Алдын ала болжам бойынша, керуетте жатып, шылым шегуі мүмкін.

 

«Бұл үйде 26 мамыр күні де өрт шықты. Салдарынан баспананың және қора-қопсының шатыры жанып кетті. Өрт сол жолы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан еді», - дейді СҚО ТЖД басқармасының басшысы Дмитрий Растихин.

 

Жалпы жыл басынан бері СҚО-да 31 адам өртте мерт болды. 34 адам түрлі дене жарақатын алды.

 

Келген шығын мөлшері 143 млн теңге шамасында.

 

 

 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 19:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31