Оқиға

СҚО-да дәрігерлер бәкі мен оттық жұтқан тұрғынды аман алып қалды

  • https://politeka.net/

    https://politeka.net/

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны бәкі мен оттықты жұтып, облыстық аурухананың дәрігерлері жедел хирургиялық операция жасау арқылы оны аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл жайында СҚО көпбейінді ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Оқыс оқиға 26 сәуір күні болған.

 

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының мәліметінше, өзіне қасақана зиян келтірмек болған Уәлиханов ауданының тұрғыны санитарлық авиация арқылы Петропавл қаласына жеткізілді. Облыстық ауруханада дәрігерлер бірден операция жасап, пациенттің ішінен бөгде заттарды алып шықты.


«Уәлиханов ауданының тұрғыны қатты эмоционалды күйзеліске түсіп, салдарынан өзіне зақым келтірмек болған. Осылайша бәкі мен шақпақты жұтқан. Пациент денсаулығына байланысты еш жерде тіркелмеген. Қазіргі уақытта жағдайы жақсы», - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлау.


 




Көрілген: 341    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2020, 11:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31