Оқиға

СҚО-да кәсәпорында болған жаппай төбелестен 10 адам зардап шекті

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Солтүстік Қазақстан облысында “Тиолайн” ЖШС-да бұзақылық жасаған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

"2 маусымда Тайынша АПБ кезекші бөліміне "Обуховский ГОК" ЖШС кіре берісіне көлік құралдарымен 30 шақты адамның келгендігі жайында хабарлама келіп түсті. Шұғыл түрде тау-кен байыту комбинаты мүліктік кешенінің аумағына АПБ жедел тергеу тобы жіберілді", - дейді полицейлер.

Тау-кен байыту комбинатының қоршалған аумағының алдына “Тиолайн” ЖШС-нің жеті құрылтайшыларының екеуі Қарағандыдан қарағандылық күзет агентікттерінен өз өкілдерімен келгені анықталды. "Тау-кен байыту комбинатының аумағына кіруге оқталған кезде күзет агенттіктері және ұйым қызметкерлері мен

"Обуховский ГОК" ЖШС-ті күзетуді жүзеге асыратын күзет агенттіктері және ЖШС өкілдері арасында дау-жанжал туындады. Қорытындысында, Тайынша ауданының және Ақмола облысының емдеу мекемелеріне түрлі дене жарақаттарымен 10 адам жүгінген", - делінген хабарламада.

 

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

 

"Күзет агенттіктерінің өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактісі де ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 1994 және 1998 жылдары туған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді полиция өкілі.




Көрілген: 712    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 22:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31