СҚО тұрғыны әкесінің мәйтін қабірден біреулер қазып алғанын айтты

15 сәуір 2022, 18:46

Солтүстік Қазақстанда Новоишим ауылының тұрғыны әкесінің бейіті қорланғанын айтып, дабыл қақты. Жас жігіт бұл сұмдықты жергілікті кәсіпкер істеді дейді.  Себебі, бұған дейін олар зираттағы орын үшін таласып қалған көрінеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы, марқұмның мүрдесін жерден қазып алып, басқа жерге жерлеу қаншалықты заңды?

 

Новоишим ауылының тұрғыны Игорь Лазарев былтыр қыркүйек айында әкесін жер қойнына тапсырған. 

 

Айтуынша, зиратта жер тапшы болған соң,  бір бейіттің маңайындағы брусчатканы алып тастап, әкесін сол жерге жерлепті.  Енді ол   қабірдің аршылып, ондағы мәйіттің мүлде басқа жерде жатқанын байқаған.

 

Игорь ЛАЗАРЕВ, НОВОИШИМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

 – Вот это глина, на том месте пусто. А вот здесь теперь похоронен мой отец. Теперь я не знаю где он лежит. Вот здесь или вон там.

 

Игорьдің айтуынша, оның әкесінің жанындағы қабір-  жергілікті кәсіпкердің баласынікі. Бұл әрекетті істеп отырған сол бизнесмен дейді. Себебі, брусчатканы алып тастағанын кәсіпкер  жақтырмаған көрінеді. Бірақ кәсіпкер болған жағдайға өзі де таң қалып тұрғанын  айтады,   мұндай сұмдыққа дәтім бармайды деп ақталды.  

 

Игорь БАТОВ, КӘСІПКЕР:

 

– Мен баламның қабірінде соңғы рет былтырғы жылдың қыркүйек айында болдым. Марқұмның денесін басқа жерге жерлеген мен емес. Жас жігіттің қабірдің маңайындағы брусчатканы қопарып тастағаны көп кісіге ұнамады. Мүмкін біреу осылайша оны жазалағысы келген шығар.

 

Бейіттің орнын ауыстыру заңға қайшы, дейді полицейлер.

 

Құпияға толы қылмысты тәртіп сақшылары тергеуге кірісті.

 

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

 

– Аталған факт Ғабит Мүсірепов ауданының полиция бөлімінде ҚР қылмыстық кодексінің 314 бабы 1-бөлігі «өлген адамдардың мәйіттерін және олардың жерленген жерін қорлау» бойынша көзделген құқықбұзышулықтың белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта полицейлермен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Аруақты кімнің қорлағаны тергеу біткен соң белгілі болады. Ал тараптар әділдік талап етуде.