Оқиға

Солтүстік Қазақстанда қураған шөп өртеніп, 3 үй жанып кетті

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 мамыр сағат 13.24-те 101 нөміріне Қызылжар ауданындағы Желяково елді мекенінде қураған шөп өртеніп, дауылдың салдарынан оның ауылға кіргені жайында хабарлама түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ауылға жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімшесі 30 шақырым қашықтықта, ал аудан орталығына дейін 91 шақырым болған. Сондықтан алғашқы өрт сөндірушілер тек жарты сағаттан кейін ғана жеткен. Өрт сөндіруге үш өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары және жергілікті атқарушы органнан – 50 адам және 15 техника жұмылдырылды.

 

Сол күні күші секундына 28 метрге дейін жеткен дауыл олардың жұмысын қиындата түсті. Салдарынан 3 тұрғын үй, 3 бос тұрған үй және аумағы 501 шаршы метр болатын шаруашылық нысаны жанып кетті. Өрт тек сағат 20:25 минут кеткенде толық сөндірілді.

 

Қаза тапқандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша, отты абайсыз қолдану себеп, белгісіз біреулер қураған шөпті өртеген. СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданы Желяково елді мекенінде 51 тұрғын үй бар, 128 адам тұрады. Үйлері жанып кеткендер туған-туыстарын паналады. Қазір ауылда Қызылжар ауданы әкімдігі мен мәслихатының өкілдері жұмыс істеп жатыр.

 

 

 

 

 




Көрілген: 632    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 13:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30