Оқиға

Степногорда ер адам асқа шашалып, ажал құшты

  • https://ru.freepik.com/

    https://ru.freepik.com/

Степногорде ер адам дәмханада асқа шашалып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, оқиға қыркүйектің 19-да сағат 19:50 шамасында болған. Бұл туралы жедел жәрдем қызметіне әйел адам хабарласып айтқан.

 

«Сағат 19:58-де 102 нөміріне әйел адам қоңырау шалып, «Шашлыков» дәмханасында ер адамдың жағдайы күрт нашарлап, түрі бозарып бара жатқандығын айтқан. Сонымен бірге, ол ер адамды өз көлігімен аурухана алып кеткендігін, жолда оларды жедел жәрдем бригадасы күтіп алуын сұраған», - делінген ақпаратта.

 

Алайда, кейбір басылымдар мен әлеуметтік желі қолданушылар жедел жәрдем қызметінің шақыру бойынша келмегенін айтып, сынауда.

 

«Қалада тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз ғана диспетчерлік бекет бар. Онда сағат 19:10 және 20:00 аралығында 103 нөміріне 13 рет қоңырау шалынған. Диспетчер қоңырауды тіркеді, бірақ бригада жолға шыққан жоқ. Өйткені 20:00-де ауруханадан хабарласып, ер адамның денесі жеткізілгенін хабарлады. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.

 

 




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 21:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31