Оқиға

Степногорда өртенген үйден 5 адамның денесі табылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Степногор қаласында саяжай өртеніп, оқиға орнынан 5 адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат   тілшісі.

 

Қайғылы жағдай бүгін түнде сағат 00:50 «Рассвет» саяжай кооперативінің 3-желі көшесі, 91 участокте болды.

 

Оқиға орнынан 1955 жылғы әйел (саяжай иесі), оның 1976 жылы туған баласы, 2013 және 2015 жылғы екі ер баланың (саяжай иесінің немерелері) күйген денесі табылды. Сондай-ақ, осы жерден табылған тағы бір адамның аты-жөні анықталып жатыр.

 

 

«Өрттен саяжай үйінің қабырғасы, шатыры және сол маңда тұрған моншаға зақым келді. Үйдің үстіңгі жабыны опырылып құлаған. Өрт аумағы 28 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 9 қызметкер мен 2 арнайы техника, кезекші жедел-тергеу тобының 3 қызметкері мен 1 техникасы тартылды», - дейді ТЖД бастығы Алексей Советов.

 

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде, оқиға орнына сынақ өрт зертханасы жіберілді. Өрттің шығу себептері осы арқылы анықталады.

 

 

 

 




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.06.2020, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31