Оқиға

Студент қыздарды «зорлаймын» деп қорқытқан бұзақы іздестіріліп жатыр

  • https://www.vb.kg

    https://www.vb.kg

Таяуда белгісіз біреу Атырау қаласына оқуға келген 15-16 жастағы студент қыздарды зорлап тастайтынын айтып қорқытқан. Онысымен қоймай, ол қыздар тұратын пәтердің есігіне қолданылған мүшеқап пен жаман сөз жазылған хат іліп кеткен. Бұл ақпарат Facebook желісіндегі «НеМолчи.kz» тобына жарияланды, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.


Аталған ақпаратқа сүйенсек, 12 қыркүйекте әлдекім грантпен оқуға түскен екі қыздың жалдамалы пәтерлерінің есік-терезесін қаққан. Алайда, қыздар оны түстеп көре алмаған. Бұл жағдай келесі күні де қайталанып, қыздар есікті ашқанда, тұтқада қолданылған мүшеқап ілініп тұрған. Осыдан соң олар бірден полиция шақырады.


«16 қыркүйекте де қыздардың есігіне хат қалдырып кеткен. Онда тағы мүшеқап бар», - деп жазылған аталған топ парақшасында. Қалдырылған хатта: «Бәрібір сендерді с... аламын жандарым менің» деген бір ауыз сөз бар. Бұл ретте, «НеМолчи.kz» қорындағылар бұл жағдайды кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қол сұғу деп есептеді.



«Сараптама үшін биологиялық материал бар. Енді иесін табу керек», - дейді олар. Сондай-ақ, қазір студент қыздарды 20-дан астам ерікті мен спортшы қорғап отыр.


Бұл жайтқа қатысты Атырау қаласының Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.





Көрілген: 841    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 18:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31