Оқиға

Студенттік асханада түсірілген видео әзіл болып шықты

  • © Photo : СС0 / crocodelicacy

    © Photo : СС0 / crocodelicacy

Павлодардағы монтаж колледжінің асханасында түсірілген видеосы фейк болып шықты. Оны таратқан студент жігіт "қатып қалған тамақты" қайдан алғанын айтты, деп хабарлайды "Астана TV" арнасы.

 

Айта кетері, видео авторы тәрелкеге салынған тамақты көрсетеді. Одан кейін оны төңкеріп көреді. Бірақ ішіндегі тамақ түспейді.

 

"Бұл муляж емес, кәдімгідей тамақ", – дейді ол.

 

Студенттердің сөзіне қарағанда, күнделікті тамақ осы. Ал колледжге тексеріс келгенде бұдан дәмді тамақ жасайды, тіпті, салат та салып береді.

 

 

Павлодар қаласының тұрғындары тамақтың сапасын сынға алды. Желі қолданушылары тегін тамақ болғаннан кейін сапасына мән бермейді деп топшылап отыр.

 

Осы колледже оқитын бір студент қыз да пікір қалдырды. Оның айтуынша, білім беру мекемесінде жақсы тамақ беріп отырады.

 

Ал колледж басшылығы осы уақытқа дейін студенттер тарапынан тамақтың сапасына қатысты арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.

 

Жақында видео авторы табылды. Ол мәселенің мән-жайын түсінді. Жас жігіттің айтуынша, үстелдің үстінде ботқа біршама уақыт тұрып қалған. Соны жинап жатқанда тамақтың қатып қалғанын байқапты. Осыдан кейін студент видео түсіруге шешім қабылдаған.

 

"Адамдар менің сөзімді бұрмалады. "Бұл муляж емес, кәдімгідей тамақ" деген жерін алды да, әлеуметтік желіде таратып жіберген. Бұның бәрі әзіл үшін айтылған. Жұрт дұрыс түсінбей, басқа жаққа бұрып әкетті", - дейді I курс студенті Еркебұлан Байсалов.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 11:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30