Оқиға

Субұрқақтағы жазатайым оқиға: Алматы әкімі жағдайға түсініктеме берді

  • Субұрқақтағы жазатайым оқиға: Алматы әкімі жағдайға түсініктеме берді

    Субұрқақтағы жазатайым оқиға: Алматы әкімі жағдайға түсініктеме берді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы субұрқақта екі қыз бен әйелді электр тоғы соққан жазатайым оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмау керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін”, – деп жазды әкім.

 Алматы полиция департаменті оқиғаның Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету"бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.

Баптың санкциясы – ірі айыппұл, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда субұрқақта үш адамның тоққа түскені айтылған еді. Куәгерлердің айтуынша, көмекке 19 жастағы студент Абылай Балапанов барған. 40-50 жастағы ер адам да көмектесті.

Stan.kz




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 11:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31