Оқиға

Суға талас: Жетісайда жаппай төбелесте 12 адам жарақат алды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Түркістан облысының Жетісай ауданында егістік басында жаппай төбелес болып, 12 адам жарақат алған. Осы оқиғаға қатысты екі адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіге тараған. Онда егістік басындағы диқандар бір-бірін таяқтап жатқаны көрінеді.

 

Оқиғаны тексерген жетісайлық полицейлер төбелестің 29 мамыр күні болғанын айтады.

 

Егістік алқабына шұғыл шыққан тәртіп сақшылары адамдар арасындағы төбелес егістікке жіберілетін суға таластан пайда болғанын анықтаған. Төбелестен кейін дәрігердің көмегіне 12 азамат жүгінген. Олардың бесеуі Жетісай аудандық ауруханасына жатқызылып, өзгелері алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтарылған.

 

«Аталған жайт ҚР ҚК-тің 293-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда тұрғындардың алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.Тәртіп сақшылары тексеру барысында осы төбелеске қатысқан 2 азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша барлық тұлғаларды және кінәлілерді анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тексерілуде» делінген хабарламада.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 09:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31