Оқиға

Сүйіктісінің ұсынысынан бас тартқанын естіген Тараз тұрғыны ессіз әрекетке барды

  • https://rg.ru/

    https://rg.ru/

Тараз тұрғыны жаңа танысқан қызды тонап кетті. Оқиға ер адамның қыдырып қайту туралы ұсынысынан бойжетке бас тартқан соң болған, деп жазады Polisia.kz.

 

Тараз қаласының полициясына 27 жастағы тұрғын арызданды. Айтуынша, бейтаныс жігіт 116 мың теңге тұратын телефонын ұрлап кеткен. Сонымен қатар, телефон қабында 46 мың теңге болған.

 

Полиция ақпаратына сәйкес, бойжеткен жігітпен сол кеште танысқан. Қыдырып қайту туралы ұсынысты қабылдамағанына ашуланған ер адам күш қолдану арқылы оның телефонын тартып алып, қашып кеткен.

 

Жігіт бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды. 27 жастағы ер адамның облыс орталығындағы шағын ауданда тұратыны анықталды. Ол өзінің әрекетін мойындады және қолды болған заттарды иесіне қайтарды.

 

Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша (тонау) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1339    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 14:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30