Сырдария өзеніне көпірден секірген қыз құтқарылды

27 сәуір 2022, 00:46

Оқыс оқиға 25 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 18-00 шамасында болған. Бұл туралы Экспресс К тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Қызылорда қаласында Сырдария өзені үстіндегі көпірден суға секірген жасөспірім қыз құтқарылды.

 

Ғ.Мұратбаев көшесі бойындағы Сырдарияның сол жағалауға өтетін көпірдің үстінен жасөспірім қыздың суға секіріп кеткені жөнінде хабардама түскен.

 

"Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техникамен жетті. Құтқарушылар 2008 жылғы жасөспірім қызды сол жерде байқаған адамдардың жағаға шығарғанын анықтады. Одан кейін жасөспірім қызды зембілге салып, жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды", — деп жазылған департамент таратқан хабарламада.