Оқиға

Табиғаттың тосын құбылысы Қарағанды облысы тұрғындарын тағалдырды (видео)

  • © Photo : СС0 / Džoko Stach

    © Photo : СС0 / Džoko Stach

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары табиғаттың тосын құбылысын видеоға түсіріп алды. Онда аспандағы ұзыннан-ұзын сопақ бұлттар қаз-қатар тізіліп тұр.

 

Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген Қазгидрометтің мамандары осы бір ерекше құбылыстың себебін түсіндірді.

 

Видеода сопақ бұлттар бірнеше шақырымға созылады. Автордың сөзіне қарағанда, видео Қарағанды облысының Жәйрем ауылында түсірілген.

 

Қазгидромет мамандары видеоның Қарағанды облысында түсірілгенін растады. Ондай құбылыс "орам бұлттар" (volutus) деп аталады.

 

ВИДЕО:  www.facebook.com/100002030618468/videos/3202093329868323/

 

"Орам бұлттар – бұл сопақ және көлденең жатқан бұлтты масса. Ол көбінесе төмен орналасады және формасы құбырға ұқсайды. Сосын айналып тұрғандай болып көрінеді. Орам бұлттар бір-бірімен байланыспайды. Бұл Жер атмосферасындағы толқынды ауытқулардың көрінісі болса керек", - дейді синоптиктер.

 

Олардың айтуынша, қатты желдің әсерімен дымқыл ауа жоғары қарай көтерілгенде суи бастайды. Содан цилиндрлік бұлттар пайда болады. Ондай құбылыс сирек кездеседі.

 

"Соңғы күндері Қарағанды облысындағы ауа-райына оңтүстік циклон әсер етті. Оның ықпалымен күн күркіреп, жаңбыр жауды. Циклон орам бұлттардың пайда болуына да себеп болған", - деп түйіндеді мамандар.

 


 




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 15:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30