Оқиға

Тағы да... Тілсіз жау бір отбасының 4 адамын жалмады

  • Көрнекі фото.  https://kubnews.ru/

    Көрнекі фото. https://kubnews.ru/

Атырауда қайғылы жағдайға душар болған отбасына материалдық, жақындарына қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Қайырлы күн құрметті жерлестер!

Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай ауылында қайғылы жағдай болды. Бір үйден екі ер адам, бір әйел адам мен кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланың денесі табылды. Сала мамандары көмірқышқыл газынан уланған деп болжап отыр. Оқиға орнына шұғыл жеткен әкімдік пен төтенше жағдай сондай-ақ полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады. Қайтыс болғандардың отбасына және туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасына материалдық, жақындарына қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Барша облыс тұрғындарының қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуын сұраймын. Сонымен қатар, қала және аудандар мен барлық ауылдық елді мекен әкімдеріне Төтенше жағдай департаментімен бірлесе отырып қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды»,-делінген әкімнің жазбасында.

 

 




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.03.2021, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30