Оқиға

Талдықорғанда балаға қол көтерген тәрбиешіге қатысты тергеу басталды

  • Видеодан кдар

    Видеодан кдар

Талдықорғанда балабақша тәрбиеленушілеріне қол көтерген тәрбиешінің үстінен қылмыстық тергеу басталды. 24 жастағы әйел адам қазір арнайы қолхатпен босатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Тәрбиешінің балаларға қол көтерген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға Талдықорған қаласындағы жекеменшік «Кішім апа» балабақшасында болған.


«Қазір балаға қол көтеру дерегі бойынша ҚР ҚК 141 бабына сәйкес қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалардың барлығы тағайындалған. Іспен Талдықорғанның полицейлері айналысуда. Тергеу барысында 24 жастағы тәрбиешіге ешқайда кетпеуі жөнінде ескертіліп, арнайы қолхат берілді», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Іс материалына сәйкес, аталған факті бойынша тәрбиешінің үстінен екі ата-ана шағым түсірген.


 




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

жұма, 05.07.2019, 15:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31