Оқиға

Талдықорғанда жолаушылар автобусы өртеніп, қаңқасы қалды (видео)

  • © AP Photo / Leo Correa

    © AP Photo / Leo Correa

Талдықорған қаласының орталығында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

 

Бүгін таңертең сағат 07:55-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне облыс орталығы көшелерінің бірінде автобус өртенгені туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келген уақытта автобус толығымен отқа оранған.  

 

"Өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. 14 қызметкер мен 3 бірлік арнайы техника оқиға орнына барды", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Еңбек &ndash Талдықорған бағытында жүретін № 228 жолаушылар автобусы жанып кеткені анықталды. Өрт кезінде қоғамдық көлікте 5 жолаушы болған, олар салоннан өз бетімен шығып үлгерген.  




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 16:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31