Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Талдықорғанда оқушы мектеп жанында көз жұмды

27 мамыр 2022, 20:06

Алматы облысында 17 жастағы оқушы мотоцикилмен өзі оқитын мектептің шарбағына соғылып, көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға 27 мамырда Талғар ауданының Еламан ауылында болған.

 

9 "А" сыныбының оқушысы сағат 11.45 шамасында мотоциклмен мектептің жанында бордюрге шығып кеткен.

 

Фельдшер мен мектеп медбикесі оған алғашқы көмек көрсетуге тырысты. Алайда оқушы соққы кезінде ауыр жарақат алған. Ол алған жарақаттан сол жерде көз жұмды.

 

Басқараманың мәліметінше, оқушы емтиханға асығып бара жатты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

 

9 сынып оқушыларының мемлекеттік емтиханы ертең, 28 мамырда, басталады. Оқушы дайындық сабағынан кейін мектептен сағат 10.30-да шыққан.