Оқиға

Талдықорғанда үйдің ауласынан 500 мыңға жуық маска табылды

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Талдықорған қаласында 500 мыңға жуық медициналық бетперде тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорғандағы жер үйлердің бірінің ауласынан 250 қорапқа салынған медициналық бетперде табылды. Әр қорапта шамамен 1800-2000 дана маска болған.

 

Полицияның болжамынша, күдікті тауарды тиеп, одан әрі жөнелтуге дайындаған.

 

"Беркут-162" патрульдік экипажы аулаларды аралау барысында жасырын қойманы байқаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. 1960 жылғы жұмыссыз азамат ұсталды", - деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

 

Қазір алдын ала тергеу жүргізілуде.

 

Тергеу барысында медициналық маскалардың қайдан шыққаны, кімге тиесілі екені және қайда тасымалданбақ болғаны анықталады.

 

Айта кетсек, үкімет дәріханаларда бетперде жеткілікті дегенмен, қазақстандықтар маска таппай қиналып жүр.

 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.03.2020, 16:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30