Талдықорғандық ит төбелестірушілер ұсталды

24 қыркүйек 2022, 19:41

Талдықорғанда кезекті жануарлар жекпе-жегін ұйымдастырушы анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға жануарларды қорғаушылардан арыз түсті. Мәлімдемеде ер адам иттерді төбелестіреді, тіпті әлеуметтік желілерде олардың бейне жазбаларын жүктейді деп көрсетілген. Мұны ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

 

Ақпарат бейне материалдарды көргеннен кейін расталды. Құқық бұзушының жеке басы анықталды, ол Талдықорған қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қолданыстағы заңнамада көзделген айыппұл санкциялары салынды.