Оқиға

Талдықорғандық полицейлер көлігі өртеніп, өзі жоғалып кеткен азаматты тапты

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Талдықорғанда тәртіп сақшылары 20 күннен астам уақыт бұрын жоғалған адамды тапты. Оның көлігі облыс орталығының маңынан табылды, деп хабарлайды Oinet.kz.

 

Облыстық полицияның хабарлауынша, 22 желтоқсанда тәртіп сақшыларына 34 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынының жоғалып кеткені туралы арыз түскен.

 

Ер адам 21 желтоқсанда өзінің жеке Toyota Caldina көлігімен қала маңындағы ауылға кетіп, қайта оралмаған.

 

Полиция еріктілермен бірге жоғалып кеткен азаматты іздеуді бастады. Көп ұзамай олар қала маңынан іздеуде жүрген адамның көлігін тапты. Көлік толығымен жанып кеткен болып шықты.

 

Сол кезде облыстық полиция департаменті хабарлағандай, жаңадан ашылған мән-жайларды ескере отырып, іздеу ісі қаралып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қайта квалификацияланған.

 

Бүгін факт бойынша жаңа мәліметтер пайда болды. Полиция іздеуде жүрген адамның тірі табылғанын айтты.

 

- Осы уақыт ішінде криминалдық полиция із-түссіз жоғалған адамды іздеуді жалғастырды. Күні бұрын оның қай жерде екендігі анықталды. Ол өзінің жасаған қылмысы үшін тергеуден жасырынған болып шықты. Ер адам көлігін өртеді. Қазір оны ұстап, полицияға ары қарай алып кетті, - деді облыстық полицияның баспасөз қызметі.

 

Департамент Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес іс жүзінде басқа мәліметтерді жариялауға болмайтынын айтты.

 

 

 




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28