Оқиға

Таңғы бесте шу шығарған шенеунік қызметтен қуыла ма

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Шығыс Қазақстан облысында әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұловқа қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды жергілікті yk.kz басылымы.

 

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері Мирас Жұмағұловты қызметінен босату керек деп шешім қабылдаған. Ал Шығыс Қазақстан облысының әкіміне жолданған ұсыныста Жұмағұловтың мемлекеттік қызметшілер туралы әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны айтылған.

 

"30 наурызда Жұмағұлов мемлекеттік қызметшілер туралы әдеп кодексіне қайшы әрекет жасады. Ол масаң күйде 5.00-де көшеде шу шығарған. Сондай-ақ сараптама оның орта деңгейде мас болғанын растады", – делінген ақпаратта.

 

Ал Мирас Жұмағұловтың өзі болса кінәсін мойындап, айыппұл төлеген.

 

Бұған дейін шенеуніктің теріс әрекеті туралы ақпарат қоғам арасында қызу талқыланған. Ол жерде басқарма басшысы караокеге барып, бір қызбен танысқаны айтылған. Тіпті, шенеунік үйінің маңына келгенде жанжал шығып, полицияға хабарласпақ болған қыздың қолынан телефонды тартып алған.

 

Көршілері тәртіп сақшыларын шақырған соң, полиция өкілдері екі адамға да хаттама толтырылғанын растады.

 

Ал мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аталған факті бақылауға алынғанын да жария еткен.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 17:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31