Оқиға

Танымал тергеуші неге тергеуге алынды: министр не дейді

  • https://www.caravan.kz/

    https://www.caravan.kz/

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев танымал қазақстандық тергеуші Олеся Кексельдің тергеуге алынуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тергеу жүріп жатыр, оның үстінен азаптау туралы арыз түсті. Қазіргі таңда арыз тіркеліп, тексеру жүргізілуде. Тергеуге байланысты әзірге ештеңе айта алмаймын. Өйткені арыз бас прокуратурадан түсті, тексеру туралы тапсырма берілді", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Министр Ерлан Тұрғымбаев Кексель шетелде емес, Қазақстанда екенін атап өтті. Бұған қоса, ведомство басшысы тергеушіге айып тағылмағанын, бұлтартпау шарасы таңдалмағанын айтты. Олеся Кексельдің тергеуден жасырынып жүрмегенін де жеткізді.

Олеся Кексель бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы істерді тергеумен айналысқан. Атап айтсақ, бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың, экс-денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің және бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Күрделі сыбайлас жемқорлық істерін тергегені үшін 2017 жылы II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталып, беделді "Алтын Адам" жүлдесінің "Жылдың мемлекеттік қызметшісі" деп танылды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметін басқарды. 2019 жылдың мамырында қызметінен босатылды.

 




Көрілген: 1129    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30