Оқиға

Таразда ашынған жұмысшылар базардың ашылуын талап етті

  • Таразда ашынған жұмысшылар базардың ашылуын талап етті

    Таразда ашынған жұмысшылар базардың ашылуын талап етті

Таразда ашынған жұмысшылар базардың ашылуын талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлер редакциямызға видео жіберді, онда наразы халық Тараз базарында жиналғанын көруге болады. Қала тұрғынының айтуынша, олар базардың жабылуына қарсы болған.

Облыс әкімдігі Тараздағы базарларда қызметкерлерден коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тіркелгенін түсіндірді. Сондай-ақ, мониторинг топтарының тексерісі барысында бірқатар базарда санитарлық, экологиялық және өртке қарсы қауіпсіздік шараларының бұзылғаны анықталған.

"Осыған байланысты Тараз қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері анықталған ереже бұзушылықтарды жою үшін 20 және 21 маусымда базарлардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл ақпарат базар иелеріне жеткізілді. Алайда базарлардың бірінің әкімшілігі қызметкерлерге тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Осыған байланысты базар қызметкерлері наразылық білдіріп, түсінбеушілік танытты", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.

Хабарламада базар қызметкерлерімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков кездескені айтылған. Кездесу қорытындысы бойынша, екі тарап анықталған ереже бұзушылықтарды жоюға және карантин шараларын сақтай отырып, базар жұмысын жалғастыру туралы келісімге қол жеткізді.

Сондай-ақ, аталған базар қызметкерлерінің кәсіподағымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кездесіп, халықтың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық санитарлық талапты сақтау қажеттігін түсіндірді.

aitube.kz/video




Көрілген: 541    Пікірлер: 0

сенбі, 20.06.2020, 20:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31