Оқиға

Таразда автокөлік ұрлаған жігіт полицейлерді аяғынан тік тұрғызды (ВИДЕО)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Таразда тұрғын үй алдында оталып тұрған біреудің көлігін айдап кеткен 38 жасар жігіттің әрекеті бүкіл қаланы шулатты. Ұры ондаған полиция көлігіне бір сағат бойы ұстатпай, шаһарды шыр айналған. Қашқын жолын бөгеген патрульдік көліктерді қаға өтіп, тұрғындар өміріне қауіп төндірді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Ұрланған автокөлікті бірінші болып полиция департаментінің жедел басқару орталығы мамандары көшелердегі бейнекамера арқылы тапты.

 

Сосын Hyundai маркалы автокөліктің соңына патрульдік полицейлер түскен. Күдікті қала көшелерінде жоғары жылдамдықпен жүйткіп, тіпті, тұрғын үйлердің арасымен ізін суытпақ болды. Жолын бөгеген полицияның көліктерін де соғып кеткен.

 

 

Соңында "Астана" шағын ауданындағы аулалардың біріндегі балалар ойын алаңшасына соқтығысып барып бір-ақ тоқтаған. Көлікті тастап, оқиға орнынан бойын тасалауға тырысқанымен тәртіп сақшылары оны алысқа ұзатпапты.

 

Бұл дерек бойынша ҚК 200 бабы, 1 бөлігімен сотқа дейін тергеу амалдары басталды. Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, — дейді Тараз қалалық ПБ бастығы Асылхан Заурбеков.

 

 

 

 




Көрілген: 866    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 19:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31