Таразда фосфор зауытында болған жарылыстан екі адам зардап шекті

04 тамыз 2023, 18:27

Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жарылыс болып, екі жұмысшы күйіп қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 3 тамызда сағат 11.30-да болған.

 

"Фосфор зауыты" ЖШС қоймасының аумағында резервуар-контейнерден сары фосфор алынды, салдарынан екі азамат - 1991 жылғы Орманов Д.Ж. және 1997 жылғы Қалдыбай Ш. Е. зардап шекті. Зардап шеккендер Тараз қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді, онда оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz