Таразда жаппай төбелес болды (видео)

15 қазан 2021, 18:32

15 қазанға қараған түні Тараз қаласындағы дәмханалардың бірінде жаппай төбелес болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 01:22-де полицияға Тараз қаласында орналасқан дәмханалардың бірінде белгісіз біреулер қоғамдық тәртіпті бұзып, бір-біріне күш қолданғаны жайлы хабар түскен.

 

 

Оқиға орнында түсірілген видеоға сәйкес, бір топ адам екіге бөлініп төбелескен. Арасында тапанша ұстап жүргені де бар.

 

Аталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Өзге дерек тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.