29 желтоқсан сағат 11:30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туылған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы шықты.
Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта оның анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.