Оқиға

Таразда коронавирус жұқтырған адам анықталды деген ақпаратқа полиция пікір білдірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Әлеуметтік желіде Тараз қаласында коронавирус анықталғандығы туралы тараған ақпарат жалған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

«WhatsApp» мессенджерінде «Таразға Мәскеуден ұшып келген ұшақтағы әйелден коронавирус табылды», сондай-ақ «Алтыншы шағынауданда бір отбасының 6 баласымен карантинге қамап қойыпты» деген ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз», делінген ведомство мәлімдемесінде.

 

Сондай-ақ, полиция департаменті азаматтарды жалған хабарламаларды таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

 

«Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік заңмен белгіленгенін ескертеміз. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес «Бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату» үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға болмаса үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады»,-дейді ПД жазбасында.

 

 

 




Көрілген: 508    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 08:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30