Таразда мешітке кеткен жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті

05 қараша 2018, 20:50

Таразда 17 жастағы Дамир Ірмек жұмбақ күйде жоғалып кетті деп жазады Newtimes.kz.

12 маусымда жасөспірім Төле би көшесіндегі орталық мешіттен сағат 05:00 шамасында шыққан. Сол күйі ол үйге оралмапты.

Дамир арық және шашы қысқа, қара. Бойы – 165 см.

Сол күні үстіне сұр түстегі футболка мен трико киген. Аяғында қара кроссовка болған.

sn.kz