Таразда мұздай қаруланған бүлікшілер қолға түсті. LIVE

09 қаңтар 2022, 14:18

Таразда әкімдікті басып алуға белсенді қатысқан 4 адам ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

 

Мұздай қаруланған бүлікшілер арнайы әскери операция кезінде ұсталды. Тараздағы қазіргі ахуал жайында өңірдегі тілшіміз Руслан Бақытбек телефон арқылы баяндады.

 

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

 

– Қызылордада болған жаппай тәртіпсіздік кезінде 201 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың қазір 50 шақтысы ауруханада жатыр. Бұзақылармен болған қақтығыста 20-дан астам полиция қызметкерлері жарақат алды. Олардың басым бөлігі жеке құрам сапына оралды. Жалпы облыс орталығында антитеррорлық операция жалғасып жатыр. Қазір өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.