Оқиға

Таразда полиция подполковнигі әшкереленген бейнежазбадан соң жұмыстан босатылды (видео)

  • Видеодан алынған кадр

    Видеодан алынған кадр

Таразда ішкі істер органдарынан қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы подполковник У. Сексенбаев қызметтік тәртіпті қатаң бұзғаны үшін жұмысынан босатылды, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Биыл 5 қаңтарда әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің қызметтік автокөлігмен мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы бейнежазба тараған болатын. Бейнежазбада полиция қызметкерінен көлікті өшіріп, аты-жөнін айтуын сұрайды. Одан соң көліктің нөмірін бейнежазбаға түсірген.



Полициядағылардың мәліметінше, қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде полиция подполковнигі қызметтік тәртіпті бұзғаны және жол-көлік оқиғасына себеп болғаны үшін ішкі істер органдарынан қуылды.


"Оған қоса полицейдің тікелей басшылары, яғни Жамбыл облысының ПД ЖПҚ мен Тараз қаласының басқарма полициясы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


 




Көрілген: 450    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30