Оқиға

Таразда зират басында TikTok түсірген қызды белгісіз біреулер "ұрып тастаған"

  • Таразда зират басында TikTok түсірген қызды белгісіз біреулер

    Таразда зират басында TikTok түсірген қызды белгісіз біреулер "ұрып тастаған"

Бейіт басында TikTok түсіріп, елдің ашуын тудырған тараздық бойжеткен танымал болу үшін енді ойдан оқиға құрастырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Ол мазарлардың жанында түсірілген бейнежазбам үшін "Қарағандыда тұратын әпкемді біреулер ұрып кетті" деп видео жазып, елдің назарын аударғысы келген.

 
18 жастағы Тараздың тұрғыны зиратта видео түсіріп, оны TikTok-қа салған. Жазба жарияланғаннан кейін бойжеткенге ашуланғандар, жағымсыз пікірлер жаудырған. Бұл видеодан кейін, көп ұзамай бойжеткен екінші бейнежазба жариялайды. Онда ол Қарағандыда тұратын әпкесін зиратта түсірілген видео үшін белгісіз біреулер ұрып-соққанын айтқан. Тіпті көгала қойдай көгерген суреттерін жариялаған.

Бұл ақпарат та көпшіліктің жағасын ұстатып, тіпті полицияның назарына ілікті. Алайда полиция бұны жоққа шығарды. TikTok құмар қыздың Қарағандыдағы 20 жастағы туысы Әсемай Абылай, расымен медициналық мекемеде болған. Бірақ ол ауруханада тараздық сіңілісінің кесірінен емес, тұрмыстық жағдайда жарақат алғандықтан жатқан болып шықты.

“Бұл азаматша дене жарақаттарын Тараз қаласында бейне жазба әлеуметтік желіге жарияламай тұрып отбасында алғаны белгілі болды. Ал оның 18 жастағы сіңілісі азаматшаның дене жарақаттарын алған бейне жазбасын оған ескертпей жариялап жібергені белгілі болды”, – Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 




Көрілген: 946    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 11:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31