Тараздағы кафелердің бірінде атыс болды (видео)

26 ақпан 2022, 10:42

Тараз қалалық ПБ 25 ақпанында сағат 22:30 шамасында "102" нөмеріне "Discovery" кафесінде белгісіз тұлғалар арасында оқ атылғаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Оқиға орнына жедел түрде кезекші жасақ пен қосымша қызметкерлер жіберілді.

 

Ашық дереккөздерден

 

Жараланған екі азамат ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқан жоқ. Жағдайдың анық-қанығы анықталып жатыр.

 

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасауда.