Текелідегі сел: жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды

15 мамыр 2022, 21:53

Текелі қаласында селден кейін жоғалып кеткен қыздың денесі үй қирандысы астынан табылды. Бұл туралы sputnik.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"15 мамыр күні сағат 18.15-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің "Багира" деген қызметтік иті үй үйінділерінің астынан 2016 жылы туған қыздың денесін тапты", - делінген хабарламада.

 

Топырақтың шамадан тыс ылғалдануы салдарынан 15 мамырда сағат 12:00 шамасында Қонаев көшесінде тау сілемдерінің табанында орналасқан тұрғын үйлерге лайлы су жеткен болатын.

 

 

5 жер үй селді судың жолында қалып қойды, оның біреуін батпақты сел толық шайып өтті. Сел жүруі кезінде 5 жасар қыз жоғалып кетті. Баланы іздеу жұмыстарына 200-ден астам адам тартылған еді. Олардың қатарында құтқарушылар, полиция, әкімдік қызметкерлері, волонтерлер және жанашыр адамдар болды.