"Темір таяқпен зорлаған". БҚО отбасындағы жантүршігерлік оқиға

17 мамыр 2022, 18:35

Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелін темір таяқпен зорлаған. Әйел қазір ауруханада жатыр. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі "Мой Город"-қа сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Басылым мәліметінше, оқиға 16 мамырда БҚО-дағы аудандардың бірінде болған. Ауыл тұрғыны мас күйінде әйелін сабап, кейін оны темір таяқпен зорлаған. Ауыр халдегі әйел аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған ота жасаған.

 

"39 жастағы әйел көп қан жоғалтқан. Тік ішегінің тамырлары мен бұлшықеттері жыртылған, қалпына келуіне ұзақ уақыт керек. Бүгінде оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды", - деді аудандық аурухана дәрігерлері.

 

Жәбірленуші күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартыпты.

 

Бұл деректі БҚО полиция департаменті растады. Ведомство хабарына қарағанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша соталды тергеу басталды, барлық қажетті сараптама тағайындалған.