Алматыдағы тергеу изоляторында денесі табылған генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өлер алдындағы жазған хаты жарияланды. Онда марқұм өз өліміне кімдердің кінәлі екенін көрсетіп кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Генерал-майордың өлер алдында жазған хатын журналист Михаил Козачков Тelegram-арнасында жариялады.
"Өлім алдындағы арыз-шағым" деп басталған хатта марқұм өзнің өліміне Антикордың тергеушісі Төлеген Ербол мен арыз жазған Руслан Құсайыновты кінәлаған.
Тіпті бар оқиғаның қалай болғанын түгелдей түсіндіріп беріпті.
Хат соңында қай күні жазылғаны және Жайлаубек Халықұлының қолы бар.
telegram