Оқиға

«Тікұшақпен іздесе екен». Жарылыс орнында болған 16-шы адам әлі табылмады

  • «Тікұшақпен іздесе екен». Жарылыс орнында болған 16-шы адам әлі табылмады

    «Тікұшақпен іздесе екен». Жарылыс орнында болған 16-шы адам әлі табылмады

Суретте 7 күннен аса уақыт ұлын көрмеген әке Талғат Дәуітбайұлы (қызыл көйлекте, сол жақтан бірінші) өңір әкімі Бердікбек Сапарбаев пен Жамбылдағы жарылысқа байланысты отставкаға кеткен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтан қызметкерлердің қауіпті аймақтан дер кезінде эвакуацияланбау себебін сұрап тұрған кезі.

Қазақстанның заманауи тарихында қорғаныс саласындағы қаралы оқиғаның бірі – Жамбыл облысында қайталанған әскери бөлім жарылысынан жапа шеккен тағы бір қызметкерді іздеу жалғасып жатыр. Редакция хабарласқан Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт  Жамангозов түр-түсі анықталған 15 марқұмның денесі туыстарына берілгенін хабарлады. Бірақ әскери бөлімнің із-түссіз жоғалған бір қызметкері табылмады.

«Мамандар бір адамды әлі іздеп жатыр. Әскери бөлімнің арғы жағы (оңтүстік бағыты, тау сілеміне қарай – QT) 20 шақырым жер түгел дрон-бейнекамера арқылы қаралды. Әзірге табыла қойған жоқ», – деді ол.

Қазіргі таңда іздестіріліп жатқан адам – оқиға орнында қалып қойған 16-шы қызметкер, 33 жастағы кіші сержант Бауыржан Дәуітбаев. Ол жарылыс болған әскери бөлімнің өртке қарсы құтқару бөлімшесі басшысы ретінде қызмет еткен. Оның үш ұлы және бір қызы бар, сондай-ақ әйелі бесінші перзентіне аяғы ауыр.

Бір аптадан бері №28349 әскери бөлімнің маңайынан бауырын ауыл тұрғындарымен бірге іздеген Ербол Дәуітбаев және оның туыстары блок-бекеттің аузында күнде хабар тосып отыр. Олардың кейбірі қатты жарылыстан контузия алып тау-тас арасын бассауғалап, адасып кеткен болуы мүмкін деп үміттенеді.

«Әлі осындамыз. Министрлік өкілі Жұмабек Хасенов жағдайды баяндап тұр. Енді сырттан іздеп жатыр. Кеше әскерилер қолданып жатқан бір дронын көрсетті. Негізі қажеті сол тікұшақ болмай тұр», – деді әскеридің ағасы Ербол Дәуітбаев.

Оқиға орнында арнайы үйретілген бірнеше иісшіл ит, кинолог мамандар мен саперлер жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың салдарын жою мақсатында жүздеген қызметкер жұмылдырылған. 26 тамызда Жамбыл облысында әскери қоймадан өрт шығып, арты алапат жарылысқа ұласқан.

20 шақты рет жарылған дүмпуден әскери бөлім түбіндегі Қайнар ауылы мен көршілес бірнеше елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланған. Апаттың кесірінен 15 адам қаза тауып, жүз шақты қызметкер жараланған. Жойқын жарылыстан 124 ғимарат бүлінген. Қазір әскери бөлім орналасқан Байзақ ауданы көлемінде төтенше жағдай енгізілген.

qazaqtimes.com




Көрілген: 726    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.09.2021, 20:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31