Оқиға

Тіл тартпастан кеткен: Жамбыл облысында полицей жаяу жүргіншіні қағып кеткен

  • Тіл тартпастан кеткен: Жамбыл облысында полицей жаяу жүргіншіні қағып кеткен

    Тіл тартпастан кеткен: Жамбыл облысында полицей жаяу жүргіншіні қағып кеткен

Жамбыл облысы Жамбыл облысында полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қатты соққыдан 48 жастағы әйел сол сәтте жан тапсырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабаралайды. 

Оқиға куәгерлері қайғылы жағдайға себепкер болған тәртіп сақшысы  оқиға орнынан қашып кетті деген еді. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды.

 
Оқыс жағдай кеше түнде Шу қаласындағы вокзал маңында болған. Рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан әйелді 25 жастағы аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі "Нива" көлігімен мыжып өтіпті. Жергілікті тұрғын тілге келместен жан тапсырған.

Куәгерлер "жүргізуші мас болған, әрі өзінің полицияда істейтінін жасыру үшін қызметтік көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп әкетті" деп дабыл қаққан. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды. Олардың сөзінше, қараңғы көшеде жолға атып шықан жүргіншіні аға лейтенант абайсызда таптап өткен.

Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті "күдікті жазасыз қалмайды" деп сендірді.

"Полиция қызметкері қазір уақытша ұстау изоляторында. Медициналық куәландыру қорытындысына сәкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі қолданбағаны анықталды. Қазір жан-жақты тергеп-тексеру басталды. Барлық бейнебақылау камераларындағы жазба алынып, сараптама тағайындалды", - дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 21:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31