Оқиға

Томирис Байсафаның анасы желідегі жазбасымен елді жылатты

  • Томирис Байсафа, Жанна Ахметова. Фото: Жанна Ахметованың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Томирис Байсафа, Жанна Ахметова. Фото: Жанна Ахметованың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мәскеуде оқып жүргенде төртінші қабаттан құлап, қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова Instagram желісінде қызы туралы жазба қалдырып, елді жылатты. Бойжеткеннің өмірден өткеніне бүгін бір жыл болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.


"Міне бір жыл да өтті. Томпиде бәрі Жаратушымен байланысты. Өткен жылы оның 40 күндігі Айттың бірінші күнімен тұспа-тұс келген болатын. Осы жылы ол қасиетті Рамазан айы мен оразаның есігін ашқалы тұр.

Періштем менің! Өмірім менің! Менің ауам! Менің өмірімде болғаның үшін саған рахмет! Менің таңдағаның үшін рахмет! Сен кез-келген ананың мақтанышысың! Мен үшін ұшып келгеніңе және 21 жыл жаныңда болуыма рұқсат еткеніңе рахмет! Сенің әрбір сөзің, әлемдегі ең әдемі күлкің, иісің, шашың, дауысың, алғашқы қадамдарың және басқалары да есімде. Сені өте қатты сағындым.

Ол жақта тыныш ұша бер. Мен әрдайым сенің командаңмын. Ал команда ешқашан сатқындық жасамайды. Мен әрдайым сенімен біргемін. Мен әрдайым күтемін. Сенің дол таба алатыныңды білемін", - деп жазды Жанна Ахметова.


Жан ауыртар жазбаны оқыған желідегілер көзіне жас алып, қайғыдан қан жұтқан анаға басу айтқан.


"Иманды болсын", "Жатқан жері жайлы болсын", "Алла жар болсын", "Сіздің әр жазбаңызды оқып, көзіме жас аламын", "Сізге Алла сабыр берсін. Жазбаңызды жыламай оқу мүмкін емес", "Адамдардың бәрі мәңгі емес. Қызыңызбен қауышатын күн де келеді" деп жазды желі қолданушылары.


Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 13 сәуірі күні Томирис Байсафа университет терезесінен құлап, үшінші мамыр күні емханада көз жұмған болатын. 




Көрілген: 935    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31