Оқиға

Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: "Астана Су Арнасының" екі басшысы ұсталды

  • © Sputnik / Ксения Воронина

    © Sputnik / Ксения Воронина

Қазақстанның астанасында кәріз құдығында төрт жұмысшы қаза болғаннан кейін "Астана Су Арнасы" МҚК екі қызметкері ұсталды, деп хабарлайды қалалық полицияның баспасөз қызметі.


Қайғылы оқиға 2019 жылдың 23 мамырында болған. Коммуналдық қызметтің төрт жұмысшысы Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайы маңында канализациялық сорғы станциясының резервуарын бөлшектеп жатып, құдық ішінде улы газдарға уланып, бірінен соң бірі есін жоғалтты. Дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады.


Жұмысшылар құдық ішінде респираторсыз жұмыс істегені анықталған.


Оқиғадан кейін полиция еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан екі немесе одан көп адамның қаза болуы туралы бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғады.


"Тергеу барысында бірқатар қажетті сараптама мен арнайы тексеріс жүргізілді, оқиға куәгерлерінен жауап алынды. Нәтижесінде "Астана Су Арнасы" МҚК лауазымды тұлғаларының кінәсі анықталып, 13 маусымда екі басшы – В. және М. есімді азаматтар уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды", - деп хабарлады полиция баспасөз қызметі.


Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


 


Sputnik




Көрілген: 352    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 09:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31