Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тірідей жанып кетті: Таразда ер адам темір балқытып жатқан пешке құлады (18+)

23 желтоқсан 2022, 14:23

Тараздағы “Запчасть” АҚ-да қайғылы жағдай болды. Жұмысшы металл балқыту кезінде пешке құлап, тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

10 желтоқсанда болған қайғылы жағдайдың видеосы Instagram — да пайда болды.

 

Онда темір балқытып жүрген жұмысшыларды көруге болады. Сол сәтте жұмысшылардың бірі қызып тұрған пешке темірді итеріп жатып, бүйірінен соққы алады.

 

Алған соққыдан ол қызып тұрған пешке құлайды. 1972 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.