Оқиға

Туған анасын соққыға жыққан жігіт 10 күнге қамалды

  • http://www.oka.fm/

    http://www.oka.fm/

Өз анасын соққыға жыққан елорда тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

"Учаске" жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының полиция басқармасы учаскелік инспекторына 54 жастағы әйел келіп, баласының ішімдік ішіп, оны соққыға жыққанын шағымданып айтты. Аталған фактімен сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

Оның қорытындылары бойынша "Денсаулықтың қысқамерзімді нашарлауы немесе жалпы еңбекке жарамдылықтың айтқысыз жойылуына әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана жеңіл зиян тигізу" бабының 1-бөлімімен әкімшілік өндіріс қозғалды. Ауданаралық әкімшілік сот судьясының қаулысымен 31 жастағы ер адамға 10 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

 

Бұдан басқа, құқық бұзушының тәртібі 1 жыл мерзімде қатаң бақылауға алынады. Елордада «Учаске» іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты &ndash қылмыс пен заң бұзушылықтың алдын алу және болдырмау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу.

 

Шара кезінде учаскелік инспекторлар 223 мыңнан астам пәтер мен 27 мыңнан астам жеке үйді аралап шықты. Ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 13 277 тұлғаның тұрғылықты орны тексерілді. Бұдан басқа, жалға беріліп жүрген 2 800-ден астам пәтер анықталған.

 

 

 




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.11.2020, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31