Оқиға

"Тұран" университетінің ұстазы көшеде бойжеткенді теуіп құлатқан

  • Stan.kz

    Stan.kz

Алматы қаласында бойжеткен бейтаныс ер адамның өзіне шабуыл жасағанын айтты. Кейін әлгі ер адамның «Тұран» университетінде сабақ беретіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Оқиғаның мән-жайын зиян шеккен бойжеткеннің құрбысы өзінің Instagram парақшасында жазды.


Айтуынша, бойжеткен 28 тамыз күні түскі асқа барып, кейін Сәтпаев көшесінен өтіп бара жатқан. Кенет қарама-қарсы жақтан ер адам жүгіріп келіп, аяғынан теуіп жіберді. Осы соққыдан кейін алматылық бойжеткен екібетімен асфальтке құлайды. Белгісіз адам оқиға болған жерден қашып кеткен.


Сондай-ақ, құрбысы осы жағдайдан кейін бойжеткеннің аяғы шығып, бір тісінің түсіп қалғанын айтады. Гаджеттеріне де зақым келген.


«Бетінен қаны ағып тұрды. Киімі де қанға малынды», - деп жазылған жазбада.


Куәгерлер ер адамды қуып жетіп, қыз баланың жанына алып келген. Ол бірде бұл жағдайға қатысы жоғын айтса, енді бірде кешірім сұраған. Зиян шеккен адамның айтуынша, оған «Тұран» университетінің ағылшын тілінен сабақ беретін ұстазы шабуыл жасаған.


Bnews.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы жағдайдан кейін ер адам жұмыстан шеттетілген. Болған оқиға туралы мекеме ғимаратындағылар әлеуметтік желіден білген.  




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

сенбі, 31.08.2019, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30