Оқиға

Тұрғын үй өртеніп, төрт адам қаза тапты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Солтүстік Қазақстан облысы Булаев қаласында тұрғын үй өртеніп, 3 ересек адам мен 4 жасар бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 7.00 шамасында 112 қызметіне М.Жұмабаев ауданы Булаев қаласындағы Степная, 31 мекенжайы бойынша тұрғын үйдің жанып жатқандығы жөнінде хабар түседі.

 

Көршілерінің айтуынша, баспанада бір отбасы тұрған.

 

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде үйдің шатыры жалынға оранып үлгеріпті.

 

Көп ұзамай баспанадағы газ баллоны жарылып, үйдің төбесі опырылып түсті.

 

Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер үйден 4 адамның денесін алып шықты, олар: 1993 жылы туған үй иесі ер адам, оның 1992 жылы туған әйелі, олардың 2017 жылы туған ұлы және әйел адам. Бүгінде ол әйелдің кім екендігі анықталып жатыр.

 

 

«Өрт толықтай сағат 14.00 шамасында сөндірілді. Үй тұтас жанып кетті. Қазір келген шығын мөлшері және өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Қаза тапқандардың туыстарымен психологтар жұмыс істеуде», - деді СҚО төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.

 

 

Жалпы жыл басынан СҚО-да 96 өрт болып, 15 адам қаза тапты, 9 адам жарақат алды. Келген материалдық шығын 27 млн теңгеден артық. Дмитрий Растихиннің айтуынша, өрттердің 78 %-ы жеке секторға тиесілі. Қаза тапқандардың барлығы осы жер үйлердің тұрғындары.

 

 

 

 




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30