Оқиға

Түркияда жоғалып кеткен 21 жастағы қазақстандық ару өлі күйінде табылды

  • © haberler.com

    © haberler.com

Түркиялық басылымдар жеті ай бұрын Анталияда із-түссіз жоғалып кеткен 21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаеваның денесі табылғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Жергілікті полиция оның денесін Сарысу ауданы Алтын-яка көшесіндегі орманды аймақтан тапқанын мәлім етті, деп жазады Haberler порталы.

 

Айта кетейік, Арайлым Орынбаева біраз уақыт бұрын отбасымен бірге Түркияға қоныс аударған. Сол елде тұруға ықтиярхаты болған.

 

Анасы және інілерімен бірге тұрған ару жанұясындағы жанжал төбелеске ұласқан соң өткен жылдың мамыр айында үйден кетіп қалыпты. Содан ұялы телефонын өшіріп тастаған.

 

Анасы Салтанат Орынбаева ертеңіне полицияға арыз жазған. Бойжеткенді іздеу жұмыстары жеті айға жалғасқан.

 

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, құқық қоргау органдарының қызметкерлері ұялы телефон сигналдары арқылы Арайлымның соңғы рет қайда болғанын анықтады.

 

Іздеу жұмыстары оларды Сарысу ауданындағы орман алқабына алып келді. Алдын ала болжам бойынша 21 жастағы ару өзіне қол салған. Қазіргі уақытта бойжеткеннің мәйіті Анталия сот медицинасы институтының мәйітханасына жеткізілді.

 

 

NUR.KZ тілшісі Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен осы жағдайға қатысты түсініктеме беруін сұрады. Ведомствоның баспасөз қызметі ақпараттың тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

 

 

 




Көрілген: 1419    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31